Попечительский совет

Болат Өтемұратов
Болат Өтемұратов
Қордых незізін қалаушы

Болат Өтемұратов - дипломат, кәсіпкер, меценат. Forbes-тың қазақстандық тізімінің ең үздіктердің ішіне кіреді. «Верный капитал» компаниялар тобының негізгі акционері, Форте және Касса Нова банктеріне ие. Бизнес мүдделері саласы қаржыларды, телеком және медиа, қонақ үй бизнесін, жылжымайтын мүлікті, табиғи ресурстарды, көлік және логистиканы, құрылыс материалдарды өндіруді, халық тұтынатын тауарлар мен қызметтерді қамтиды. Болат Өтемұратовтың қоғамдық қызметі білім беруді дамытуға, спортты қолдауға, мәдени құндылықтарды насихаттауға және денсаулық сақтауға жәрдемдесуге бағытталған.

Алмаз Шарман
Алмаз Шарман
Қамқоршылар кеңесінің төрағасы

Қазақстанның алдын алу медицинасы академиясының президенті. Қазақтан шыққан америкалық дәрігер ғалым, биомедицина және медико-демографиялық зерттеу, халықаралық денсаулық сақтау және ауруханалық басқару салалары бойынша маман. Ғалым Джонс Хопкинс университетінде қызмет еткен, ал Қазақстанда Ұлттық медициналық холдингті басқарған, Назарбаев университеті басшыларының бірі ретінде университеттің интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесін құрған.

Жания Әубакірова
Жания Әубакірова
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі

Қазақ пианиношысы, педагог, профессор және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры. Қазақстан Республикасының халық әртісі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері. Францияның өнер және әдебиет орденінің кавалері. Густав Малер атындағы өнердің Еуропалық униясы сыйлығының және Польша алдындағы еңбегі үшін Алтын кірестің иегері.

Олжас Сулейменов
Олжас Сулейменов
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі

Ақын, жазушы-әдебиеттанушы, Қазақ КСР халық жазушысы (1990), Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат. Олжас Сүлейменовтің өлеңдері мен поэмалары ағылшын, француз, неміс, испан, чех, поляк, словак, болгар, мажар, моңғол және түрік тілдеріне аударылған. Ақын Францияда өте танымал, ондағы әдеби басылымдарда оның өлеңдері жиі жарияланып тұрады, мұнымен қоса Францияда оның бірнеше жинағы жарық көрген. Көпшілікке белгілі «Невада - Семей» антиядролық қозғалысының негізін қалаушы.

Александр Винокуров
Александр Винокуров
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі

Қазақстандық кәсіби велошабандоз. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері (1994). Испанияда өткен "Вуэлта - 2006" (Vuelta a España) додасының жеңімпазы әрі топтық жарыс бойынша олимпиада чемпионы. 2000 жылғы Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері, 2004-2006 жылдардағы әлем біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері. 2003 жылғы Тур де Франс жарысының күміс жүлдегері. Льеж Бастонь (2005-2010), Амстель Голд (2003), Париж - Ницца (2002-2003) әлемдік кубоктарының жеңімпазы. Полиция полковнигі. 2013 жылдан бастап “Астана” велотобының бас менеджері.

Арманжан Байтасов
Арманжан Байтасов
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі

Бизнесмен, журналист, «Forbes Kazakhstan» журналының шығарушысы, “31 арна” телеканалынын жане "Медиахолдинг ТАН" компаниялар тобынын негиздеушиси. Филология ғылымдарының кандидаты және Қазақстан журналистері академясының академигі. Байтасов мырза сонымен қатар Халықаралық Бизнес Академиясының қамқоршылар кеңесінің төрағасы және YPO (Young President’s Organization) қазақстандық бөлімшесінің мүшесі болып табылады.