Алматының Бас ботаникалық бағы 4 айға жабылады

Ботаника және фитоинтродукция институты мен Болат Өтемұратов Қоры Бас ботаникалық бақты 2019 жылғы 1 шілдесінен 1 қарашаға дейін қайта құрудың қарбалас сатысының кезеңіне келушілер үшін жабу туралы шешім қабылдады.

Бүгінгі таңда қайта құру жобасының шеңберінде Алматының Бас ботаникалық бағында барлық қажетті рұқсаттардың алынуымен, жоспарланған және жұртшылықпен өзара келісілген қайта құруды іске асыру басталды. Бақтың аумағында жол жұмыстары (тас жабу, серуендеу соқпақтары желісін төсеу, экологиялық жолдарды толтыру, гранит кеспе тастар төсеу) жүргізілуде, кіреберіс павильондардың құрылысы басталды (қазаншұңқырды дайындау, бетон жұмыстары), суару және су шашу жүйесін жасау (арықтар жүргізу) бойынша инженерлік-техникалық жұмыстар, электр желілерін тарату мен жарықтандыру және видеобайқау жүйелерін монтаждау жалғасуда. Қайта құру аймақтарында ірі габаритті және ауыр салмақты құрылыс техникасын тартумен жер жұмыстары жүріп жатыр. Бақтың аумағындағы мұндай жағдайлар келушілер, әсіресе, жазғы оқу демалысы кезеңінде балалар топтарының көп келуін ескере отырып, балалар үшін қауіпті болуы мүмкін.

«Жобаның бастапқы сатысында біз қайта құрудың бүкіл барысында бақты келушілер үшін ашық қалдырудың сәті түседі деген үмітте болдық, бірақ Ботаника және фитоинтродукция институтымен консультациялардан кейін, барлық тәуекелдерді бағалап, қазіргі жағдайларда оның аумағында келушілердің болуының жайлылығы мен қауіпсіздігіне кепілдік беруге мүмкін еместігін түсіндік. Денсаулыққа зиянды болдырмау үшін қайта құру зоналарын бөлек қоршауда мүмкін емес. Топтармен келетін балалар ерекше алаңдаушылық тудырады. Сондықтан, ықтимал жазатайым оқиғалардан сақтану үшін, бақты 1 шілдеден 1 қарашаға дейін қарқынды жұмыстар жүргізу кезеңіне жабу туралы шешім қабылданды. Біз қала тұрғындары мен Алматының меймандарынан уақытша шектеулер үшін кешірім өтінеміз және түсіністікке үміттенеміз», - деді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Сонымен бірге, бастамашылар қайта құру бойынша жұмыстардың ашықтығы мен көлегейсіздігін сақтауда және олардың ілгерілуі туралы жұртшылықты жүйелі хабарландыруын жалғастырады. Болат Өтемұратов Қоры белсенді қала тұрғындарының қатарынан қайта құру бойынша жұмыстардың барысын мезгіл-мезгіл тексеріп отыруға тиіс қоғамдық бақылау тобына волонтерлер шақыратынын жариялайды, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Қоғамдық кеңесті тарту жоспарлануда. Қоғамдық бақылау тобына кіруді қалаушылар келесі мекенжай бойынша электронды пошта арқылы өтінім бере алады: botsad.volonter@utemuratovfund.org. 

Ағымдағы жұмыстардың барысын қызығушылық танытатын адамдар әлеуметтік желілерден, Facebook-тегі және Instagram қайта құру жобасының беттерінде баға алады.  

Алматының Бас ботаникалық бағын қайта құру 2018 жылы басталған. Жобаның бастамашысы Алматы қаласы Ботаника және фитоинтродукция институтының сұрауы бойынша Әкімдігінің қолдауымен Болат Өтемұратов Қоры болды. Жобаның басты мақсаты – шаһар тұрғындары мен қонақтары үшін баққа оңай қатынау мүмкіндігін және жайлы уақыт өткізуді қамтамасыз ету, қазақстандық ғалымдардың дендрология, ботаника және фитоинтродукция саласындағы жетістіктерін көрсету. Қайырымдылық жобаның негізгі қағидаты – қаланың жасыл оазисін 1932 жылғы оның негізін қалаудың түпнұсқалық жоспарлары бойынша және әлемдегі ботаникалық бақтардың дизайнының үздік үлгілерін ескерумен аялап қалпына келтіру. 
 

Назад к списку новостей

Басқа жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЗЫЛ АЙ ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ТАСҚЫН СУДАН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

18.04.2019 684

Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы Болат Өтемұратов Қорымен бірлестікте Қарағанды облысының Шет ауданындағы 62 отбасына 10 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетеді. Зардап шегушілерге Болат Өтемұратов Қорының қаражаты аударылған ForteBank көмек карталары таратылады.

БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫНЫҢ «АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

02.04.2019 656

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні Қазақстанның алты қаласындағы «Асыл Мирас» орталықтары аутистік спектрдің ауруларын ерте анықтау және балаларға тиімді көмек көрсетуді ұйымдастыру проблемалары туралы ашық оқып-үйрету семинарларын өткізді.

Қызылорда қаласында Әлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған қашықтыққа жүгіру болды

30.03.2019 578

Қызылорда тұрғындарының аутизм мәселелері жайында хабардар болу дәрежесін жоғарылату – осы мақсатта бүгін облыс орталығында бұқаралық спорттық жүгіру жарысы өткізілді. Іс-шара Болат Өтемұратов Қорының бастамасы бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Болат Өтемұратов Қоры Ағадыр кентіндегі ауылдық ауруханаға медициналық жабдық табыстады

05.02.2019 505

Болат Өтемұратов Қоры Ағадыр кентіндегі ауылдық ауруханаға медициналық жабдық табыстады

Баламан жобы

31.01.2019 373

Проект “Баламан” продвигает здоровый образ жизни среди детей в Казахстане посредством создания развлекательно-образовательного контента на казахском и русском языках о правильном питании и физической активности.

Болат Өтемұратов Қоры Мерке аудандық ауруханасына қымбат жабдықты сыйлайды

22.01.2019 385

Болат Өтемұратов Қоры ауруханаға 64 миллион 380 мың теңге жалпы сомаға жаңа буынның жабдығын сыйлайды. Ол дәрігерлерге балалардың өмірін құтқаруға көмектеседі, сондай-ақ ауыр науқастарды алыс қашықтықтарға тасуға мүмкіндік береді.

ҚОР ДИРЕКТОРЫ БОТСАДТЫ ҚАЙТА ҚҰРУ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

11.01.2019 403

Алматының Бас ботаникалық бағын қайта құру жобасы қай деңгейде деген сұрақты жиі алып тұрамыз. Бұл сұраққа жауапты "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов берді.

"АСЫЛ МИРАС" АУТИЗМ-ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛ

28.12.2018 371

"Асыл Мирас" аутизм орталықтарында өткізілген жаңажылдық ертеңгіліктерге қатысушылар қысқы сиқырлық пен ертегідей ғажайыпқа бөленді!

Алматы Әкімі Б. Байбек және меценат Б. Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысты

20.05.2019 586

Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек және меценат, бизнесмен Болат Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысу үшін, оған кіріп шықты

ARTиШОК театры мен Болат Өтемұратов Қоры «Жаңа адамдар» деректі перформансын ұсынды

23.05.2019 625

Иммерсивті театр жанрындағы қойылым «Асыл Мирас» аутизм орталығында өтті. Көріністің драматургиялық негізі Орталықтың кеңістігімен таныстық болды. Меймандар – журналисттер мен блогерлер – оның әдеттегі жұмыс таңына бойлады.

Қызылордада көпбалалы 100 отбасыға пәтер берілді

31.05.2019 1016

Көпбалалы шаңырақтарға арналған баспана Болат Өтемұратов қайырымдылық қорының қаржысына салынған.

Болат Өтемұратов Қоры мен Қызыл Ай Алматы облысында селден зардап шегушілерге көмек көрсетті

13.06.2019 577

3 маусымда нөсер жаңбыр мен селдің нәтижесінде Алматы облысының Панфилов ауданының Пиджим кентінің басым бөлігі су мен лайдың астында қалды. Дүлей күш жолдарды, жергілікті тұрғындардың үйлері мен шаруашылықтарын қиратты.

Болат Өтемұратов Қоры Арыста 100 отбасы үшін тұрғын үй құрылысына 760 млн. теңге бөлді (2 млн. Долл.)

11.07.2019 597

Қордың қаражатына әрқайсысы екі отбасына арналған «дуплекс» типті 50 үй тұрғызылатын болады.

Батырдың бүкіл жеке шығармашылығы бір жинақта шығарылды

28.06.2019 584

Екі концерт, тоғыз музыкалық диск және бұрын шығарылмаған әндер Батырхан Шөкенов альбомдарының сый-тартулық топтамалық басылымына кірді. 28 маусымда ресми тұсаукесер болып өтті.

«KAZDENTEXPO-ЮГ-2019» көрмесінің орталық тақырыбы балалар аутизмі мәселелері болмақ

16.09.2019 60

Шымкент қаласында 2019 жылғы 17-18 қыркүйекте өтетін «KAZDENTEXPO-ЮГ-2019» көрмесінің орталық тақырыбы балалар аутизмі мәселелері болмақ.

4 ҚАТЫСУШЫ ЖӘНЕ 300,2 МЛН. ТЕҢГЕ – BURABIKE FEST 2019 ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

26.08.2019 68

24 және 25 тамызда Ақмола облысының Шортанды-Бурабай курорттық аймағында еліміздегі ең ірі қайырымдылық іс-шараы – жетінші Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалі өтті. Биылғы жылы ұйымдастырушылар – Болат Өтемұратов Қоры мен Rixos Borovoe отелі іс-шараның форматын жаңғыртып, оны екі күндікке айналдырды және бағдарламасын кеңейтті. Нәтижесінде, Burabike Fest 2019 қатысушылардың саны бойынша, сондай-ақ қайырымдылық қаражат жинау сомасы бойынша рекордтарын кезекті рет жаңартты.