Болат Өтемұратов Қоры «Баламекен» жобасының шеңберінде Арыстағы 100 отбасына үй сыйлады

Болат Өтемұратовтың Қайырымдылық Қоры «Баламекен» жобасының шеңберінде Арыстағы 100 отбасына арналған үйлердің құрылысын аяқтады.

Болат Өтемұратов жобаны іске асыруға шамамен 850 млн теңге (2,2 млн доллар) бөлді. Бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың, Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетовтың және «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспановтың қатысуымен жаңа иелерге кілттер тапсыру салтанаты өтті.  

«Баламекен» атауына ие болатын жаңа ықшамауданда таза әрлемесі, асүй гарнитуры, тұрмыстық техникасы, жанында 10 сотка учаскесі бар, толық абаттандырылған екі отбасына арналған «дуплекс» типті 50 үй тұрғызылды. Пәтерлер дереу қоныстану үшін дайын, ықшамаудан қалалық инфрақұрылымға қосылған, ішінде асфальтті автомобиль жолдары мен жаяу жүргінші тротуарлары тартылған, балалардың ойын алаңшасы орнатылған, учаскелерде және тротуарлардың бойында ағаш отырғызылған.

Жаңа баспана алушылар үстіміздегі жылдың шілде айында оқ-дәрі жарылысының салдарынан үйлері бұзылған арыстықтардың отбасылары, көп балалы мұқтаж отбасылар, толық емес отбасылар, жетімдер мен мүгедектігі бар адамдар болды.

Жоба Болат Өтемұратов Қорымен серіктестікте «Верный Капитал» компаниялар тобы, Түркістан облысының әкімдігі және «Түркістан» ӘКК-мен табысты ынтымақтастығының нәтижесі болды. 

«Арыс тұрғындарының атынан Болат Өтемұратов Қорына және оның құрылтайшысына оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан кейін Арысты қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін шынайы алғыс білдіремін», - деді Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов кілт тапсыру салтанаты барысында.  

Ықшамауданның жаңа қоныстанушыларының бірі Жаңагүл Пашаева тұрғындардың ортақ пікірін білдірді: «Бұл жақсы аудан, тура қасымызда – қалалық дендропарк. Жоба бізге ұнайды, үйлер ұнайды, Болат Өтемұратов Қорына және Түркістан облысы мен Арыс қаласының әкімдіктеріне шын жүректен алғыс айтамыз!»

«Бүкіл Қазақстан Арыста орын алған оқиғаға күйзелді, еліміздің көптеген ұйымдары мен азаматтары қалаға және оның тұрғындарына қолдау көрсетті. Біз де қаланы қалпына келтіруге өз үлесімізді қосуды ұйғардық. Сондықтан біздің Қорымыздың құрылтайшысы баспанаға мұқтаж қазақстандықтар үшін үйлер тұрғызуға бағытталған «Баламекен» жобасын кеңейтуге және жалғастыруға шешім қабылдады. Жоба ағымдағы жылдың көктемінде Қызылордада басталған болатын, онда Қор бөлген ақшаға 100 тұрмысы осал отбасы үшін үйлер тұрғызылды. Өзіміз Қызылордада ие болған тәжірибені біз Арыста табысты қолданып, мемлекеттің және меценаттардың бірлесіп күш салуы әлеуметтік салада айтарлықтай позитивті әсер беретінін кезекті рет дәлелдедік», - деп атап өтті Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

«Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов былай деді: «Біздің топ Болат Өтемұратов Қорымен ынтымақтастық етеді және құрылыспен байланысты әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда көмектеседі. Біз жобаның жылдам және сапалы орындалуға тиіс екенін түсіндік, сондықтан біздің мердігерлер қала және облыс әкімдіктерімен тығыз ынтымақтастықта тәулік бойы жұмыс істеді. Және біз оны мерзімінде аяқтаудың сәті түскеніне және Арыс тұрғындары суық түскенге дейін жарық әрі жылы үйлерге қоныстанатынына қуаныштымыз».

Болат Өтемұратов Қорының «Баламекен» жобасы 2019 жылдың наурыз айында Қызылордада басталған болатын, онда Қордың қаражатына 100 тұрмысы осал отбасы үшін үйлер тұрғызылды. Жоба ағымдағы жылдың шілде айында Арыс қаласында оқ-дәрі жарылысынан кейін осы қалада жалғастырылды.  
 

Назад к списку новостей

Басқа жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЗЫЛ АЙ ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ТАСҚЫН СУДАН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

18.04.2019 1311

Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы Болат Өтемұратов Қорымен бірлестікте Қарағанды облысының Шет ауданындағы 62 отбасына 10 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетеді. Зардап шегушілерге Болат Өтемұратов Қорының қаражаты аударылған ForteBank көмек карталары таратылады.

БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫНЫҢ «АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

02.04.2019 1357

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні Қазақстанның алты қаласындағы «Асыл Мирас» орталықтары аутистік спектрдің ауруларын ерте анықтау және балаларға тиімді көмек көрсетуді ұйымдастыру проблемалары туралы ашық оқып-үйрету семинарларын өткізді.

Қызылорда қаласында Әлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған қашықтыққа жүгіру болды

30.03.2019 1232

Қызылорда тұрғындарының аутизм мәселелері жайында хабардар болу дәрежесін жоғарылату – осы мақсатта бүгін облыс орталығында бұқаралық спорттық жүгіру жарысы өткізілді. Іс-шара Болат Өтемұратов Қорының бастамасы бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

"БАЛАМЕКЕН" жобасы: Болат Өтемұратов Қоры көп балалы отбасылар үшін үйлердің құрылысына 450 миллион теңге бөлді

27.03.2019 1643

150 тұрмысы осал көп балалы отбасы облыс бюджеті қаражатының және Болат Өтемұратов Қорының қайырымдылық көмегінің есебінен баспанамен қамтамасыз етілетін болады.

Болат Өтемұратов Қоры Ағадыр кентіндегі ауылдық ауруханаға медициналық жабдық табыстады

05.02.2019 1154

Болат Өтемұратов Қоры Ағадыр кентіндегі ауылдық ауруханаға медициналық жабдық табыстады

Алматыда Болат Өтемұратов Қоры жобасының презентациясы өтті

31.01.2019 1489

“Баламан” жобасы қазақ және орыс тілдеріндегі дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік туралы сауық-білім беру контентін құру арқылы Қазақстанда балалардың арасында салауатты өмір салтын ілгерілетеді.

Болат Өтемұратов Қоры Мерке аудандық ауруханасына қымбат жабдықты сыйлайды

22.01.2019 1013

Болат Өтемұратов Қоры ауруханаға 64 миллион 380 мың теңге жалпы сомаға жаңа буынның жабдығын сыйлайды. Ол дәрігерлерге балалардың өмірін құтқаруға көмектеседі, сондай-ақ ауыр науқастарды алыс қашықтықтарға тасуға мүмкіндік береді.

ҚОР ДИРЕКТОРЫ БОТСАДТЫ ҚАЙТА ҚҰРУ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

11.01.2019 1023

Алматының Бас ботаникалық бағын қайта құру жобасы қай деңгейде деген сұрақты жиі алып тұрамыз. Бұл сұраққа жауапты "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов берді.

"АСЫЛ МИРАС" АУТИЗМ-ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛ

28.12.2018 916

"Асыл Мирас" аутизм орталықтарында өткізілген жаңажылдық ертеңгіліктерге қатысушылар қысқы сиқырлық пен ертегідей ғажайыпқа бөленді!

Алматы Әкімі Б. Байбек және меценат Б. Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысты

20.05.2019 1221

Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек және меценат, бизнесмен Болат Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысу үшін, оған кіріп шықты

ARTиШОК театры мен Болат Өтемұратов Қоры «Жаңа адамдар» деректі перформансын ұсынды

23.05.2019 1104

Иммерсивті театр жанрындағы қойылым «Асыл Мирас» аутизм орталығында өтті. Көріністің драматургиялық негізі Орталықтың кеңістігімен таныстық болды. Меймандар – журналисттер мен блогерлер – оның әдеттегі жұмыс таңына бойлады.

Қызылордада көпбалалы 100 отбасыға пәтер берілді

31.05.2019 1882

Көпбалалы шаңырақтарға арналған баспана Болат Өтемұратов қайырымдылық қорының қаржысына салынған.

Болат Өтемұратов Қоры мен Қызыл Ай Алматы облысында селден зардап шегушілерге көмек көрсетті

13.06.2019 1124

3 маусымда нөсер жаңбыр мен селдің нәтижесінде Алматы облысының Панфилов ауданының Пиджим кентінің басым бөлігі су мен лайдың астында қалды. Дүлей күш жолдарды, жергілікті тұрғындардың үйлері мен шаруашылықтарын қиратты.

Болат Өтемұратов Қоры Қызыл Айдың қолдауы жағдайында Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуде

25.06.2019 1290

Болат Өтемұратов Қоры Қызыл Аймен бірлесіп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қазақстандықтарға қолдау көрсету бойынша бағдарламаның шеңберінде Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек карталарын беруге кіріседі.

Болат Өтемұратов Қоры Арыста 100 отбасы үшін тұрғын үй құрылысына 760 млн. теңге бөлді (2 млн. Долл.)

11.07.2019 1235

Қордың қаражатына әрқайсысы екі отбасына арналған «дуплекс» типті 50 үй тұрғызылатын болады.

Алматының Бас ботаникалық бағы 4 айға жабылады

20.06.2019 823

Ботаника және фитоинтродукция институты мен Болат Өтемұратов Қоры Бас ботаникалық бақты 2019 жылғы 1 шілдесінен 1 қарашаға дейін қайта құрудың қарбалас сатысының кезеңіне келушілер үшін жабу туралы шешім қабылдады.

Батырдың бүкіл жеке шығармашылығы бір жинақта шығарылды

28.06.2019 1117

Екі концерт, тоғыз музыкалық диск және бұрын шығарылмаған әндер Батырхан Шөкенов альбомдарының сый-тартулық топтамалық басылымына кірді. 28 маусымда ресми тұсаукесер болып өтті.

KAZDENTEXPO-ЮГ-2019» көрмесінің орталық тақырыбы балалар аутизмі мәселелері болмақ

16.09.2019 923

Шымкент қаласында 2019 жылғы 17-18 қыркүйекте өтетін «KAZDENTEXPO-ЮГ-2019» көрмесінің орталық тақырыбы балалар аутизмі мәселелері болмақ.

4 ҚАТЫСУШЫ ЖӘНЕ 300,2 МЛН. ТЕҢГЕ – BURABIKE FEST 2019 ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

26.08.2019 779

24 және 25 тамызда Ақмола облысының Шортанды-Бурабай курорттық аймағында еліміздегі ең ірі қайырымдылық іс-шараы – жетінші Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалі өтті. Биылғы жылы ұйымдастырушылар – Болат Өтемұратов Қоры мен Rixos Borovoe отелі іс-шараның форматын жаңғыртып, оны екі күндікке айналдырды және бағдарламасын кеңейтті. Нәтижесінде, Burabike Fest 2019 қатысушылардың саны бойынша, сондай-ақ қайырымдылық қаражат жинау сомасы бойынша рекордтарын кезекті рет жаңартты.

ПЕТРОПАВЛДА «АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

03.10.2019 984

2019 жылғы 3 қазанда Петропавл қаласында «Асыл Мирас» аутизм орталығының салтанатты ашылуы өтті. Орталық Солтүстік Қазақстан облысының Білім беру басқармасының, Петропавл қаласының білім беру бөлімінің және Болат Өтемұратов Қорының бірлескен жобасының шеңберінде ашылды.

Батырхан Шөкенов атындағы стипендия иегерлерінің есімдері жарияланды

17.10.2019 896

Олар - екі жоғары оқу орнының және екі мамандандырылған музыка мектебінің оқушылары.

BURABIKE FEST 2019 EVENTIADA IPRA GOLDEN WORLD AWARDS СЫЙЛЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

12.11.2019 579

Болат Өтемұратов Қоры жыл сайын өткізетін Қазақстанның ең ірі қайырымдылық іс-шарасы "Үздік волонтерлік жоба" номинациясында екінші орын алды.

Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы қайырымдылық жобаларына 6 млрд. астам теңге бөлді

10.12.2019 417

Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы өзінің қызметін кеңейтті. Қайырымдылық жобаларына бөлінген жалпы сома 6 миллиард теңгеден астам құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан алты есе көп. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен Қордың Қамқоршылар Кеңесінің қорытындылары бойынша баспасөз конференциясында жарияланды. Жыл қорытындыларын Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері Алмаз Шарман, Олжас Сүлейменов, Жәния Әубакірова және Қордың директоры Марат Айтмағамбетов шығарды.