BURABIKE FEST 2019 EVENTIADA IPRA GOLDEN WORLD AWARDS СЫЙЛЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

Болат Өтемұратов Қоры жыл сайын өткізетін Қазақстанның ең ірі қайырымдылық іс-шарасы "Үздік волонтерлік жоба" номинациясында екінші орын алды.

2019 жылғы 12 қарашада Мәскеуде Жұртшылықпен байланыстар жөніндегі халықаралық ассоциация (IPRA) 1990 жылдан бері өткізіп келе жатқан ғаламдық конкурс IPRA GWA сыйлығының аймақтық серіктесі, Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ең ірі Eventiada IPRA Golden World Awards коммуникациялар саласындағы сыйлығының қорытындылары шығарылды. 

Биылғы жылы өтінімдер әлемнің 13 елінен: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Венгрия, Қазақстан, Польша, Ресей, Сербия, Тәжікстан, Украина, Хорватия мен Эстониядан келіп түсті. Бес номинациялар блогының жеңімпаздары, конкурстың Grand Prix және дербес марапаттарының лауреаттары салтанатты марапаттау рәсімінде жарияланды. 
Құрамына ең ірі халықаралық компаниялардан, университеттерден, мемлекеттік ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан жетекші кәсіпқойлар кіретін сараптау комиссиясының шешімімен, Қазақстандағы ең ірі қайырымдылық іс-шарасы, Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалі "Үздік волонтерлік жоба" номинациясында екінші орын алды.   
«VII Burabike 2019 қайырымдылық спорттық-музыкалық фестивалі шын мәнінде айтулыға айналды, - дейді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмагамбетов, - Іс-шара бұл жылы кеңейтілген екі күндік бағдарламасымен ерекшеленді және қатысушылардың саны мен қайырымдылық жиындардың сомасы – тиісінше 4 мың адам және 300,2 млн. теңге - бойынша барлық рекордтардан асып түсті. Біз беделді халықаралық сарапшылар біздің жобамызды жоғары бағалағанын және бізге Eventiada IPRA Golden World Awards коммуникациялар саласындағы атақты халықаралық сыйлықты бергенін мақтан тұтамыз. Бұл шынымен биік жетістік және кәсіби танымалдық». 
Burabike Fest спорттық-музыкалық фестивалі – Қазақстанда және Орталық Азия аймағында баламасы жоқ жоба. Биылғы жылы іс-шара 24 және 25 тамызда Шортанды-Бурабай курорттық аймағында Rixos Borovoe отелінің аумағында өтті. Кеңейтілген бағдарламаға 35 км және 70 км қашықтыққа әуесқойлардың веложарыстары, сондай-ақ 10 км қашықтыққа велошеру, аукциондар, күндік Open Air, теннис турнирі және қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен 31 арнадан концерт кірді. Тұңғыш рет отельдің аумағында Burabike Fest 2019 фестивалін ашық ауадағы ең ірі халықаралық фестивальдердің форматына жақындатқан шатыр қалашық жайылды. Жиналған қаражат (қатысушылардың тіркеу жарналары, қайырымдылық аукциондардан түскен түсім, меценаттар мен демеушілердің жарналары, брендтелген спорттық жарақтама сатудан түскен түсім) дәстүр бойынша Қазақстанның аймақтарындағы балалар ауруханаларын, емханалар мен перзентханаларды өмірлік маңызды медициналық жабдықпен жарақтауға бағытталады. Burabike 2019 бенефициарлары ретінде Қызылорда қаласындағы "Ана мен Бала" облыстық перинаталдық орталығы, Есіл орталық аудандық ауруханасы (Ақмола облысы), Бішкүл селосындағы Қызылжар аудандық ауруханасы (Солтүстік Қазақстан облысы), Жаңғалы аудандық ауруханасы (Батыс Қазақстан облысы), Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық ауруханасы, Шелек селосындағы аудандық аурухана (Алматы облысы), Травматология және ортопедия ҒЗИ (Нұр-Сұлтан қаласы), Петропавл қаласындағы "Аутизм. Баршамызға бір әлем" психологиялық-педагогикалық терапия кабинеті" (Солтүстік Қазақстан облысы) таңдалды.
Eventiada IPRA Golden World Awards – Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ең ірі коммуникациялар саласындағы сыйлық. Ол 2011 жылы EVENTИАДА Бүкілресейлік студенттік event-жобалар конкурсына өтінімдер қабылдаудан бастау алады. 2017 жылдан бері Eventiada Жұртшылықпен байланыстар жөніндегі халықаралық ассоциация (IPRA) 1990 жылы бері өткізетін ғаламдық сыйлық – IPRA GWA сыйлығының аймақтық кезеңі болып табылады. 
 

Назад к списку новостей

Басқа жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЗЫЛ АЙ ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ТАСҚЫН СУДАН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

18.04.2019 1311

Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы Болат Өтемұратов Қорымен бірлестікте Қарағанды облысының Шет ауданындағы 62 отбасына 10 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетеді. Зардап шегушілерге Болат Өтемұратов Қорының қаражаты аударылған ForteBank көмек карталары таратылады.

БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫНЫҢ «АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

02.04.2019 1357

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні Қазақстанның алты қаласындағы «Асыл Мирас» орталықтары аутистік спектрдің ауруларын ерте анықтау және балаларға тиімді көмек көрсетуді ұйымдастыру проблемалары туралы ашық оқып-үйрету семинарларын өткізді.

Қызылорда қаласында Әлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған қашықтыққа жүгіру болды

30.03.2019 1232

Қызылорда тұрғындарының аутизм мәселелері жайында хабардар болу дәрежесін жоғарылату – осы мақсатта бүгін облыс орталығында бұқаралық спорттық жүгіру жарысы өткізілді. Іс-шара Болат Өтемұратов Қорының бастамасы бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

"БАЛАМЕКЕН" жобасы: Болат Өтемұратов Қоры көп балалы отбасылар үшін үйлердің құрылысына 450 миллион теңге бөлді

27.03.2019 1643

150 тұрмысы осал көп балалы отбасы облыс бюджеті қаражатының және Болат Өтемұратов Қорының қайырымдылық көмегінің есебінен баспанамен қамтамасыз етілетін болады.

Болат Өтемұратов Қоры Ағадыр кентіндегі ауылдық ауруханаға медициналық жабдық табыстады

05.02.2019 1154

Болат Өтемұратов Қоры Ағадыр кентіндегі ауылдық ауруханаға медициналық жабдық табыстады

Алматыда Болат Өтемұратов Қоры жобасының презентациясы өтті

31.01.2019 1489

“Баламан” жобасы қазақ және орыс тілдеріндегі дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік туралы сауық-білім беру контентін құру арқылы Қазақстанда балалардың арасында салауатты өмір салтын ілгерілетеді.

Болат Өтемұратов Қоры Мерке аудандық ауруханасына қымбат жабдықты сыйлайды

22.01.2019 1013

Болат Өтемұратов Қоры ауруханаға 64 миллион 380 мың теңге жалпы сомаға жаңа буынның жабдығын сыйлайды. Ол дәрігерлерге балалардың өмірін құтқаруға көмектеседі, сондай-ақ ауыр науқастарды алыс қашықтықтарға тасуға мүмкіндік береді.

ҚОР ДИРЕКТОРЫ БОТСАДТЫ ҚАЙТА ҚҰРУ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

11.01.2019 1023

Алматының Бас ботаникалық бағын қайта құру жобасы қай деңгейде деген сұрақты жиі алып тұрамыз. Бұл сұраққа жауапты "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов берді.

"АСЫЛ МИРАС" АУТИЗМ-ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛ

28.12.2018 916

"Асыл Мирас" аутизм орталықтарында өткізілген жаңажылдық ертеңгіліктерге қатысушылар қысқы сиқырлық пен ертегідей ғажайыпқа бөленді!

Алматы Әкімі Б. Байбек және меценат Б. Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысты

20.05.2019 1221

Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек және меценат, бизнесмен Болат Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысу үшін, оған кіріп шықты

ARTиШОК театры мен Болат Өтемұратов Қоры «Жаңа адамдар» деректі перформансын ұсынды

23.05.2019 1104

Иммерсивті театр жанрындағы қойылым «Асыл Мирас» аутизм орталығында өтті. Көріністің драматургиялық негізі Орталықтың кеңістігімен таныстық болды. Меймандар – журналисттер мен блогерлер – оның әдеттегі жұмыс таңына бойлады.

Қызылордада көпбалалы 100 отбасыға пәтер берілді

31.05.2019 1882

Көпбалалы шаңырақтарға арналған баспана Болат Өтемұратов қайырымдылық қорының қаржысына салынған.

Болат Өтемұратов Қоры мен Қызыл Ай Алматы облысында селден зардап шегушілерге көмек көрсетті

13.06.2019 1124

3 маусымда нөсер жаңбыр мен селдің нәтижесінде Алматы облысының Панфилов ауданының Пиджим кентінің басым бөлігі су мен лайдың астында қалды. Дүлей күш жолдарды, жергілікті тұрғындардың үйлері мен шаруашылықтарын қиратты.

Болат Өтемұратов Қоры Қызыл Айдың қолдауы жағдайында Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуде

25.06.2019 1290

Болат Өтемұратов Қоры Қызыл Аймен бірлесіп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қазақстандықтарға қолдау көрсету бойынша бағдарламаның шеңберінде Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек карталарын беруге кіріседі.

Болат Өтемұратов Қоры Арыста 100 отбасы үшін тұрғын үй құрылысына 760 млн. теңге бөлді (2 млн. Долл.)

11.07.2019 1235

Қордың қаражатына әрқайсысы екі отбасына арналған «дуплекс» типті 50 үй тұрғызылатын болады.

Алматының Бас ботаникалық бағы 4 айға жабылады

20.06.2019 823

Ботаника және фитоинтродукция институты мен Болат Өтемұратов Қоры Бас ботаникалық бақты 2019 жылғы 1 шілдесінен 1 қарашаға дейін қайта құрудың қарбалас сатысының кезеңіне келушілер үшін жабу туралы шешім қабылдады.

Батырдың бүкіл жеке шығармашылығы бір жинақта шығарылды

28.06.2019 1117

Екі концерт, тоғыз музыкалық диск және бұрын шығарылмаған әндер Батырхан Шөкенов альбомдарының сый-тартулық топтамалық басылымына кірді. 28 маусымда ресми тұсаукесер болып өтті.

KAZDENTEXPO-ЮГ-2019» көрмесінің орталық тақырыбы балалар аутизмі мәселелері болмақ

16.09.2019 923

Шымкент қаласында 2019 жылғы 17-18 қыркүйекте өтетін «KAZDENTEXPO-ЮГ-2019» көрмесінің орталық тақырыбы балалар аутизмі мәселелері болмақ.

4 ҚАТЫСУШЫ ЖӘНЕ 300,2 МЛН. ТЕҢГЕ – BURABIKE FEST 2019 ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

26.08.2019 779

24 және 25 тамызда Ақмола облысының Шортанды-Бурабай курорттық аймағында еліміздегі ең ірі қайырымдылық іс-шараы – жетінші Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалі өтті. Биылғы жылы ұйымдастырушылар – Болат Өтемұратов Қоры мен Rixos Borovoe отелі іс-шараның форматын жаңғыртып, оны екі күндікке айналдырды және бағдарламасын кеңейтті. Нәтижесінде, Burabike Fest 2019 қатысушылардың саны бойынша, сондай-ақ қайырымдылық қаражат жинау сомасы бойынша рекордтарын кезекті рет жаңартты.

ПЕТРОПАВЛДА «АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

03.10.2019 984

2019 жылғы 3 қазанда Петропавл қаласында «Асыл Мирас» аутизм орталығының салтанатты ашылуы өтті. Орталық Солтүстік Қазақстан облысының Білім беру басқармасының, Петропавл қаласының білім беру бөлімінің және Болат Өтемұратов Қорының бірлескен жобасының шеңберінде ашылды.

Батырхан Шөкенов атындағы стипендия иегерлерінің есімдері жарияланды

17.10.2019 896

Олар - екі жоғары оқу орнының және екі мамандандырылған музыка мектебінің оқушылары.

Болат Өтемұратов Қоры «Баламекен» жобасының шеңберінде Арыстағы 100 отбасына үй сыйлады

13.11.2019 645

Болат Өтемұратовтың Қайырымдылық Қоры «Баламекен» жобасының шеңберінде Арыстағы 100 отбасына арналған үйлердің құрылысын аяқтады.

Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы қайырымдылық жобаларына 6 млрд. астам теңге бөлді

10.12.2019 417

Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы өзінің қызметін кеңейтті. Қайырымдылық жобаларына бөлінген жалпы сома 6 миллиард теңгеден астам құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан алты есе көп. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен Қордың Қамқоршылар Кеңесінің қорытындылары бойынша баспасөз конференциясында жарияланды. Жыл қорытындыларын Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері Алмаз Шарман, Олжас Сүлейменов, Жәния Әубакірова және Қордың директоры Марат Айтмағамбетов шығарды.