ЕСІЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ BURABIKE FEST ТАРИХЫНДА ЕҢ ІРІ БЕНЕФИЦИАР БОЛДЫ

Ақмола облысындағы аурухана 73 миллион теңгеге медициналық жабдыққа ие болды

Аумағы 8 мың шаршы километр, бір қала және 17 ауылдық округ, 25 мың адам халқы бар, дегенмен бір де бір реанимобиль жоқ, 20 жыл бұрынғы медициналық жабдық физикалық тұрғыдан да, моральдық тұрғыдан да ескірген. Ақмола облысындағы Есіл аудандық ауруханасының дәрігерлер ұжымы 2020 жылдың басына дейін осындай жағдайларда өмір сүріп, жұмыс істеп келді. 


«Мынадай жағдайды елестетіп көріңізші – сізде үшінші категорияның ауыр жағдайындағы босанатын әйел, ондайларды сіз 350 километрге Көкшетауға, тіпті болмаса, одан да қашыққа – 415 километрге Нұр-Сұлтанның өзіне перзентханаға жеткізуге міндеттісіз. Жылдам апару керек, өйткені нәрестенің және анасының өмірі қыл үстінде! Ал сізде арнайы автокөлік жоқ, оларды немен апарасыз? Біз жедел жәрдем станциясынан «Газель» немесе көрші аудандардағы әріптестерімізден реанимобильдерді сұрап, амалын табатынбыз. Және әр кез сайын бүкіл ұжымымызбен стресс бастан кешетінбіз. Енді бізде өзіміздің жаңа, заманауи реанимобиліміз бар, және енді арнайы көлік іздеуге байланысты қарбалас жағдаяттар болмайды», - дейді Есіл ауруханасының бас дәрігері Дастан Асанұлы. 
Аурухана жылдың басында адам өмірін құтқаруға және сақтап қалуға арналған толық жарақталымы бар Mercedes-Benz маркасының флагмандық реанимобилі, хирургия бөліміне заманауи наркоздық-тыныс аппараты және реанимация бөліміне жаңа туған нәрестелердің қарқынды терапиясына арналған инкубатор кіретін медициналық жабдық жиынын алды.  


«Біздің 20 жылдан асқан, әлі кеңес үкіметі кезінде әзірленген ескі наркоздық-тыныс аппаратымыз өзі де құруға шақ қалған болатын, оған енді қосалқы бөлшектер табу мүмкін емес еді. Енді бізде барлық керек-жарағымен бірге наркоз тереңдігі мен седация мониторингі жүйесімен жиынтықта еуропалық өндірістің жап-жаңа аппараты бар. Енді бізде реанимация бөлімшесі үшін оттегі мен ылғалдылық деңгейі реттелетін жаңа жапон инкубаторы бар, оның арқасында біз көптеген шала туатын және ауыр нәрестелерді аман алып қаламыз!» - деп қуанышын ортаға салады бас дәрігер.    
Ауруханаға елеулі сыйлықты Болат Өтемұратов Қоры жасады, осы ұйымнан Дастан Асанұлы көмек сұраған болатын. Өтініші орынды болды – Қордың бүкіл Қазақстан бойынша ауруханалар мен перзентханаларды өмірлік маңызды медициналық жабдықпен жарақтау бойынша бірегей жобасы бар. 
«2013 жылдан бері отыз шақты ауруханаға, перинаталдық орталықтар мен басқа да медициналық мекемелерге 1 миллиард теңгеге жуық жалпы сомаға өмірлік маңызды жабдық сыйладық, - дейді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов, - Ақмола облысында Есіл ауруханасы енді жетінші, оның үстіне біздің жобамыздың бүкіл тарихындағы ең ірі бенефициар. Жабдық жиынының жалпы құны рекордты 73 миллион теңгені құрады».


Бүкіл ел бойынша медициналық мекемелерді жарақтау Болат Өтемұратов Қоры Rixos Borovoe отелімен бірлестікте 2013 жылдан бері Бурабай-Шортанды курорттық аймағында жыл сайын ұйымдастыратын Burabike Fest спорттық-музыкалық фестивалінің қатысушылары мен демеушілерінің арқасында жүргізіледі. Фестивальдің бағдарламасына қайырымдылық аукциондар, веложарыстар мен велошеру, мастер-кластар, концерт, пикник, спорттық жарыстар кіреді. Іс-шара бүкіл Қазақстаннан, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстаннан спорт және белсенді өмір салты әуесқойларын тартады. Өткен жылы, мысал үшін, фестивальге меймандардың рекордты саны – 4 мыңнан астам адам қатысты. Burabike Fest негізгі бөлімі Шортанды айна көлінің жағасында Rixos Borovoe отелінің көркем аумағында өтеді. 
Демеушілік жарналардан, жеке құрмалдықтардан, тіркеу жарналарынан, аукциондардың, сондай-ақ кәдесыйлар мен брендті киім-кешек дүкенінің түсімінен қайырымдылық ақша жиындары қалыптастырылады. Оларға Болат Өтемұратов Қоры жабдық сатып алады және медициналық мекемелерге табыстайды. 2019 жылғы фестивальдің қорытындылары бойынша сондай сегіз мекеме таңдалды.  
«Өткен жылы қайырымдылық мақсатында жиналған сома рекордтық 300,2 миллион теңге құрады, - деп жалғастырады Марат Айтмағамбетов. – Демеушілер ретінде көрінген біздің серіктестеріміздің, белсенді өмір салтын ұстанатын және фестивалге қатысқан отандастарымыздың арқасында бүкіл ел бойынша сегіз медициналық мекеме оларға пациенттеріне ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға көмектесетін жабдық алады. Мен Есіл аудандық ауруханасының ұжымына жабдықты Burabike Fest ортақтас жандардың баршасының атынан табыстауға қуаныштымын. Есіл ауданының барлық тұрғындарына мықты денсаулық және ұзақ, бақытты ғұмыр тілеймін!» 
Үстіміздегі жылы Burabike Fest 29 және 30 тамызда өтеді. Болат Өтемұратов Қоры әлеуеттегі бенефициарлардан медициналық жабдық сатып алуға өтінімдер қабылдайды. Іс-шараға қатысушыларды тіркеу 1 наурыздан бастап burabike.kz сайтында ашылады.       
 

Назад к списку новостей

Басқа жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЗЫЛ АЙ ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ТАСҚЫН СУДАН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

18.04.2019 1746

Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы Болат Өтемұратов Қорымен бірлестікте Қарағанды облысының Шет ауданындағы 62 отбасына 10 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетеді. Зардап шегушілерге Болат Өтемұратов Қорының қаражаты аударылған ForteBank көмек карталары таратылады.

БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫНЫҢ «АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

02.04.2019 1815

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні Қазақстанның алты қаласындағы «Асыл Мирас» орталықтары аутистік спектрдің ауруларын ерте анықтау және балаларға тиімді көмек көрсетуді ұйымдастыру проблемалары туралы ашық оқып-үйрету семинарларын өткізді.

Қызылорда қаласында Әлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған қашықтыққа жүгіру болды

30.03.2019 1661

Қызылорда тұрғындарының аутизм мәселелері жайында хабардар болу дәрежесін жоғарылату – осы мақсатта бүгін облыс орталығында бұқаралық спорттық жүгіру жарысы өткізілді. Іс-шара Болат Өтемұратов Қорының бастамасы бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

"БАЛАМЕКЕН" жобасы: Болат Өтемұратов Қоры көп балалы отбасылар үшін үйлердің құрылысына 450 миллион теңге бөлді

27.03.2019 2023

150 тұрмысы осал көп балалы отбасы облыс бюджеті қаражатының және Болат Өтемұратов Қорының қайырымдылық көмегінің есебінен баспанамен қамтамасыз етілетін болады.

Болат Өтемұратов Қоры Ағадыр кентіндегі ауылдық ауруханаға медициналық жабдық табыстады

05.02.2019 1556

Болат Өтемұратов Қоры Ағадыр кентіндегі ауылдық ауруханаға медициналық жабдық табыстады

Алматыда Болат Өтемұратов Қоры жобасының презентациясы өтті

31.01.2019 1903

“Баламан” жобасы қазақ және орыс тілдеріндегі дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік туралы сауық-білім беру контентін құру арқылы Қазақстанда балалардың арасында салауатты өмір салтын ілгерілетеді.

Болат Өтемұратов Қоры Мерке аудандық ауруханасына қымбат жабдықты сыйлайды

22.01.2019 1394

Болат Өтемұратов Қоры ауруханаға 64 миллион 380 мың теңге жалпы сомаға жаңа буынның жабдығын сыйлайды. Ол дәрігерлерге балалардың өмірін құтқаруға көмектеседі, сондай-ақ ауыр науқастарды алыс қашықтықтарға тасуға мүмкіндік береді.

ҚОР ДИРЕКТОРЫ БОТСАДТЫ ҚАЙТА ҚҰРУ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

11.01.2019 1516

Алматының Бас ботаникалық бағын қайта құру жобасы қай деңгейде деген сұрақты жиі алып тұрамыз. Бұл сұраққа жауапты "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов берді.

"АСЫЛ МИРАС" АУТИЗМ-ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛ

28.12.2018 1377

"Асыл Мирас" аутизм орталықтарында өткізілген жаңажылдық ертеңгіліктерге қатысушылар қысқы сиқырлық пен ертегідей ғажайыпқа бөленді!

Алматы Әкімі Б. Байбек және меценат Б. Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысты

20.05.2019 1707

Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек және меценат, бизнесмен Болат Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысу үшін, оған кіріп шықты

ARTиШОК театры мен Болат Өтемұратов Қоры «Жаңа адамдар» деректі перформансын ұсынды

23.05.2019 1453

Иммерсивті театр жанрындағы қойылым «Асыл Мирас» аутизм орталығында өтті. Көріністің драматургиялық негізі Орталықтың кеңістігімен таныстық болды. Меймандар – журналисттер мен блогерлер – оның әдеттегі жұмыс таңына бойлады.

Қызылордада көпбалалы 100 отбасыға пәтер берілді

31.05.2019 2268

Көпбалалы шаңырақтарға арналған баспана Болат Өтемұратов қайырымдылық қорының қаржысына салынған.

Болат Өтемұратов Қоры мен Қызыл Ай Алматы облысында селден зардап шегушілерге көмек көрсетті

13.06.2019 1471

3 маусымда нөсер жаңбыр мен селдің нәтижесінде Алматы облысының Панфилов ауданының Пиджим кентінің басым бөлігі су мен лайдың астында қалды. Дүлей күш жолдарды, жергілікті тұрғындардың үйлері мен шаруашылықтарын қиратты.

Болат Өтемұратов Қоры Қызыл Айдың қолдауы жағдайында Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуде

25.06.2019 1626

Болат Өтемұратов Қоры Қызыл Аймен бірлесіп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қазақстандықтарға қолдау көрсету бойынша бағдарламаның шеңберінде Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек карталарын беруге кіріседі.

Болат Өтемұратов Қоры Арыста 100 отбасы үшін тұрғын үй құрылысына 760 млн. теңге бөлді (2 млн. Долл.)

11.07.2019 1618

Қордың қаражатына әрқайсысы екі отбасына арналған «дуплекс» типті 50 үй тұрғызылатын болады.

Алматының Бас ботаникалық бағы 4 айға жабылады

20.06.2019 1247

Ботаника және фитоинтродукция институты мен Болат Өтемұратов Қоры Бас ботаникалық бақты 2019 жылғы 1 шілдесінен 1 қарашаға дейін қайта құрудың қарбалас сатысының кезеңіне келушілер үшін жабу туралы шешім қабылдады.

Батырдың бүкіл жеке шығармашылығы бір жинақта шығарылды

28.06.2019 1503

Екі концерт, тоғыз музыкалық диск және бұрын шығарылмаған әндер Батырхан Шөкенов альбомдарының сый-тартулық топтамалық басылымына кірді. 28 маусымда ресми тұсаукесер болып өтті.

KAZDENTEXPO-ЮГ-2019» көрмесінің орталық тақырыбы балалар аутизмі мәселелері болмақ

16.09.2019 1303

Шымкент қаласында 2019 жылғы 17-18 қыркүйекте өтетін «KAZDENTEXPO-ЮГ-2019» көрмесінің орталық тақырыбы балалар аутизмі мәселелері болмақ.

4 ҚАТЫСУШЫ ЖӘНЕ 300,2 МЛН. ТЕҢГЕ – BURABIKE FEST 2019 ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

26.08.2019 1134

24 және 25 тамызда Ақмола облысының Шортанды-Бурабай курорттық аймағында еліміздегі ең ірі қайырымдылық іс-шараы – жетінші Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалі өтті. Биылғы жылы ұйымдастырушылар – Болат Өтемұратов Қоры мен Rixos Borovoe отелі іс-шараның форматын жаңғыртып, оны екі күндікке айналдырды және бағдарламасын кеңейтті. Нәтижесінде, Burabike Fest 2019 қатысушылардың саны бойынша, сондай-ақ қайырымдылық қаражат жинау сомасы бойынша рекордтарын кезекті рет жаңартты.

ПЕТРОПАВЛДА «АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

03.10.2019 1399

2019 жылғы 3 қазанда Петропавл қаласында «Асыл Мирас» аутизм орталығының салтанатты ашылуы өтті. Орталық Солтүстік Қазақстан облысының Білім беру басқармасының, Петропавл қаласының білім беру бөлімінің және Болат Өтемұратов Қорының бірлескен жобасының шеңберінде ашылды.

Батырхан Шөкенов атындағы стипендия иегерлерінің есімдері жарияланды

17.10.2019 1283

Олар - екі жоғары оқу орнының және екі мамандандырылған музыка мектебінің оқушылары.

Болат Өтемұратов Қоры «Баламекен» жобасының шеңберінде Арыстағы 100 отбасына үй сыйлады

13.11.2019 1102

Болат Өтемұратовтың Қайырымдылық Қоры «Баламекен» жобасының шеңберінде Арыстағы 100 отбасына арналған үйлердің құрылысын аяқтады.

BURABIKE FEST 2019 EVENTIADA IPRA GOLDEN WORLD AWARDS СЫЙЛЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

12.11.2019 982

Болат Өтемұратов Қоры жыл сайын өткізетін Қазақстанның ең ірі қайырымдылық іс-шарасы "Үздік волонтерлік жоба" номинациясында екінші орын алды.

Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы қайырымдылық жобаларына 6 млрд. астам теңге бөлді

10.12.2019 1044

Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы өзінің қызметін кеңейтті. Қайырымдылық жобаларына бөлінген жалпы сома 6 миллиард теңгеден астам құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан алты есе көп. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен Қордың Қамқоршылар Кеңесінің қорытындылары бойынша баспасөз конференциясында жарияланды. Жыл қорытындыларын Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері Алмаз Шарман, Олжас Сүлейменов, Жәния Әубакірова және Қордың директоры Марат Айтмағамбетов шығарды.

БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ ШЕЛЕК АУЫЛЫНДАҒЫ АУРУХАНАҒА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫН СЫЙЛАДЫ

28.01.2020 485

2020 жылғы 20 қаңтарда Болат Өтемұратов Қоры Алматы облысындағы Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппаратын сыйлады. Ол Burabike Fest 2019 VII спорттық-музыкалық фестивальдің қорытындылары бойынша медициналық жабдыққа ие болған алғашқы бенефициар болды.

ЖАҢАҚАЛА АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ 58 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚ АЛДЫ

10.02.2020 311

10 ақпанда Болат Өтемұратов Қоры VII Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалінің бенефициары ретінде таңдалған Жаңақала аудандық ауруханасына (Батыс Қазақстан облысы) 58 миллион теңге жалпы сомаға жаңа медициналық жабдық табыстады.

Сәуірдің 2-сі және 3-і күндері Алматыда «Аутизм. Әлеуеттер әлемі» төртінші халықаралық конференциясы өтеді

24.02.2020 531

Біз қызығушылық танытқандардың бәрін, оның ішінде мамандарды, АСБ бар балалардың ата-аналары мен туыстарын, дәрігерлерді және аутизм мәселесімен айналысып жүрген дәрігерлер мен ұйымдарды қатысуға шақырамыз

Коммерциялық емес ұйымдардың назарына

24.02.2020 518

Болат Өтемұратов Қоры мүдделі коммерциялық емес ұйымдардың арасында халықтың арасында ақпараттық науқандар өткізуге жобалар конкурсын жариялайды.

ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУЫР АСФИКСИЯСЫ БАР ШАЛА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІ ҚҰТҚАРУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚ АЛДЫ

04.03.2020 284

Медициналық мекемеде суық су құйылған жылытқы мен мұздың орнына гипотермиямен емдеуге арналған заманауи аппарат қолданылатын болады

Маңызды жаңалық!

16.03.2020 190

16-шы наурыздан 16-шы сәуірге дейін "Асыл Мирас" аутизм орталықтарының жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдадық.

Болат Өтемұратов Қоры коронавирусқа қарсы күреске 200 миллион теңге бөлді

18.03.2020 233

Болат Өтемұратов Қоры Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирусқа қарсы күреске 200 миллион теңге бөлді. Бұл ақшаға Қор организмде COVID19 вирусының орын алуын анықтауға арналған экспресс-тест жиындарын сатып алады және Денсаулық сақтау министрлігімен және басқармаларымен бірлестікте мобильді талдау жүргізу пункттерін ұйымдастырады.

CDCнің аутизм туралы есебі

27.03.2020 70

2020 жылғы 27 наурызда АҚШ Ауруларды бақылау және профилактикасы жөніндегі орталығы (CDC) аутистік спектрдің ауытқуы (АСА) диагностикаланған балалардың таралуы туралы өзінің екі жылдық есебін жариялады. Зерттеудің қамту кезеңі: 2016 жыл.

Болат Өтемұратов Қорының Аутизм туралы хабарландыру күніне қарай жобасы

02.04.2020 52

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні. Бұл Болат Өтемұратов Қоры үшін маңызды күн.

БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ ҚАЗАҚСТАНҒА 94 МЫҢ ЭКСПРЕСС-ТЕСТ ӘКЕЛДІ

06.04.2020 25

Болат Өтемұратов Қоры Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармаларына 47 мыңнан коронавирусқа экспресс-тесттің жиынтығын табыстады. Қайырымдылық ұйымы жобаны іске асыруға 200 миллион теңге бөлді.