Болат Өтемұратов Қоры Қазақстанның солтүстігінде тасқын судан зардап шеккендерге 33 миллионнан астам теңге берді

Болат Өтемұратов Қоры мен Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы еліміздің солтүстігінде көктемгі су тасқындарынан зардап шеккен 197 отбасына 33 миллионнан астам теңге жалпы сомаға ақшалай жәрдем көрсетті.

Қайырымдылық қолдау «Көмек картасы» жобасының шеңберінде Қостанай облысында Қарамырза ауылы және Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласының маңындағы аудандардың тұрғындарына көрсетілді.

 
«Біз «Көмек картасы» жобасын үш жыл қатарынан іске асырып келеміз және әркез сайын нәубеттерден зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсетудің гуманитарлық көмек көрсетудің алдында тұтас бірқатар артықшылықтары бар екеніне көзімізді жеткіземіз. Олардың бастысы – алынған қаражатты қалайша жұмсауды таңдау мүмкіндігі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, біздің бенефициарларымыз ақшаны үйлерін, шаруашылықтарын, мүлкін қалпына келтіруге жұмсайды. Бұл орайда әр отбасының өз артықшылықтары бар. Біреу ең алдымен үйін жөндейді, біреу мал жемінің ойсыраған қорын толықтырады, енді біреуі ақшаны отбасын асырап отырған тракторды жөндеуге жұмсайды. Біз көмектің мұндай нысаны неғұрлым тиімді деп санаймыз», - деп түсіндіреді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.  


«Көмек карталарын» жобаның ережелері бойынша баспаналары зақымдалған адамдар, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер, жалғыз басты аналар мен тұрмысы нашар көп балалы отбасылар алады. Қостанай облысының Қарамырза ауылының тұрғыны Айман Әйгелова мұңайып есіне алады: «Су келген уақытта біз ол үйге кірмейді деген үмітте болдық. Бірақ ол кірді. Судың деңгейі шамамен бір метрдей болды. Бәрі су астында қалды». Әйгелованың отбасы бес адамнан тұрады, олар 250 мың теңге алды. Бұл өңірде барлығы 61 отбасы 9 850 000 теңге жалпы сомаға көмек алды.  


Қарамырзадан 500 шақырымдайда Петропавлдағы Заречный шағын ауданында Александр Квятинский абыржып, мынаны әңгімелейді: «Судың бізді қоршағанына енді бір апта болды. Не болатынын, істің немен тынатынын білмейміз. Мұндай су тасқынының кесірінен үй опырылып, жиһаз бүлінеді. Үй мен іргетас жарылды, жертөле суға толы». Петропавлда бүгін 136 отбасына жалпы сомасы 23 200 000 теңге ақшасы бар карталар табысталды.  

 
«Биылғы жылы коронавирус пандемиясына байланысты ТЖ және карантин біздің бірлескен жауап қимылдау командамыздың жұмысын өте қиындатуда. Солай болса да, бізге су жайлаған орындарда болудың және отандастарымызға қол ұшын берудің сәті түсті. Біз олар үшін тасқын судың салдарының ауырлығын жеңілдетеміз дегн үміттеміз», - деп атап өтті Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов. 

Қызыл Айдың деректері бойынша, Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдаят күрделі болып қала беруде, зардап шеккендердің саны өсуі мүмкін. Жауап қимылдау тобы ондайға мұқтаждарға оперативті түрде көмекке келу үшін, су жайылу аяқталғанға дейін Петропавлда болады.  


«Көмек картасы» бірлескен қайырымдылық жобасы 2018 жылы басталған болатын. Болат Өтемұратов Қоры табиғи және техногендік алапаттардан зардап шеккен ел аймақтарының тұрғындарына қолдау көрсету үшін ақша бөледі. Қызыл Ай Қоғамы көмекке мұқтаждарды анықтайды және оларға шотында ақша бар Fortebank карталарын табыстауды ұйымдастырады. 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы 863 отбасы 82 миллион теңгеге жуық жалпы сомаға жәрдем алды. 2019 жылы 76 отбасына 114 миллион теңгеге жуық жалпы сомаға ақшалай көмек көрсетілді. Ол ақшаны Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында су тасқынынан зардап шеккендер, сондай-ақ оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстардан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындары алды. 


Болат Өтемұратов Қоры мен Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы жергілікті ТЖ органдарымен ынтымақтастықта аймақтардағы жағдаятты қадағалауда және ықтимал су тасқыны орындарына сапарға шығуға әзір.  
 

Назад к списку новостей

Басқа жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЗЫЛ АЙ ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ТАСҚЫН СУДАН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

18.04.2019 2027

Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы Болат Өтемұратов Қорымен бірлестікте Қарағанды облысының Шет ауданындағы 62 отбасына 10 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетеді. Зардап шегушілерге Болат Өтемұратов Қорының қаражаты аударылған ForteBank көмек карталары таратылады.

БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫНЫҢ «АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

02.04.2019 2147

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні Қазақстанның алты қаласындағы «Асыл Мирас» орталықтары аутистік спектрдің ауруларын ерте анықтау және балаларға тиімді көмек көрсетуді ұйымдастыру проблемалары туралы ашық оқып-үйрету семинарларын өткізді.

Қызылорда қаласында Әлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған қашықтыққа жүгіру болды

30.03.2019 1951

Қызылорда тұрғындарының аутизм мәселелері жайында хабардар болу дәрежесін жоғарылату – осы мақсатта бүгін облыс орталығында бұқаралық спорттық жүгіру жарысы өткізілді. Іс-шара Болат Өтемұратов Қорының бастамасы бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

"БАЛАМЕКЕН" жобасы: Болат Өтемұратов Қоры көп балалы отбасылар үшін үйлердің құрылысына 450 миллион теңге бөлді

27.03.2019 2281

150 тұрмысы осал көп балалы отбасы облыс бюджеті қаражатының және Болат Өтемұратов Қорының қайырымдылық көмегінің есебінен баспанамен қамтамасыз етілетін болады.

Болат Өтемұратов Қоры Ағадыр кентіндегі ауылдық ауруханаға медициналық жабдық табыстады

05.02.2019 1820

Болат Өтемұратов Қоры Ағадыр кентіндегі ауылдық ауруханаға медициналық жабдық табыстады

Алматыда Болат Өтемұратов Қоры жобасының презентациясы өтті

31.01.2019 2153

“Баламан” жобасы қазақ және орыс тілдеріндегі дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік туралы сауық-білім беру контентін құру арқылы Қазақстанда балалардың арасында салауатты өмір салтын ілгерілетеді.

Болат Өтемұратов Қоры Мерке аудандық ауруханасына қымбат жабдықты сыйлайды

22.01.2019 1674

Болат Өтемұратов Қоры ауруханаға 64 миллион 380 мың теңге жалпы сомаға жаңа буынның жабдығын сыйлайды. Ол дәрігерлерге балалардың өмірін құтқаруға көмектеседі, сондай-ақ ауыр науқастарды алыс қашықтықтарға тасуға мүмкіндік береді.

ҚОР ДИРЕКТОРЫ БОТСАДТЫ ҚАЙТА ҚҰРУ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

11.01.2019 1801

Алматының Бас ботаникалық бағын қайта құру жобасы қай деңгейде деген сұрақты жиі алып тұрамыз. Бұл сұраққа жауапты "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов берді.

"АСЫЛ МИРАС" АУТИЗМ-ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛ

28.12.2018 1654

"Асыл Мирас" аутизм орталықтарында өткізілген жаңажылдық ертеңгіліктерге қатысушылар қысқы сиқырлық пен ертегідей ғажайыпқа бөленді!

Алматы Әкімі Б. Байбек және меценат Б. Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысты

20.05.2019 2009

Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек және меценат, бизнесмен Болат Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысу үшін, оған кіріп шықты

ARTиШОК театры мен Болат Өтемұратов Қоры «Жаңа адамдар» деректі перформансын ұсынды

23.05.2019 1659

Иммерсивті театр жанрындағы қойылым «Асыл Мирас» аутизм орталығында өтті. Көріністің драматургиялық негізі Орталықтың кеңістігімен таныстық болды. Меймандар – журналисттер мен блогерлер – оның әдеттегі жұмыс таңына бойлады.

Қызылордада көпбалалы 100 отбасыға пәтер берілді

31.05.2019 2492

Көпбалалы шаңырақтарға арналған баспана Болат Өтемұратов қайырымдылық қорының қаржысына салынған.

Болат Өтемұратов Қоры мен Қызыл Ай Алматы облысында селден зардап шегушілерге көмек көрсетті

13.06.2019 1738

3 маусымда нөсер жаңбыр мен селдің нәтижесінде Алматы облысының Панфилов ауданының Пиджим кентінің басым бөлігі су мен лайдың астында қалды. Дүлей күш жолдарды, жергілікті тұрғындардың үйлері мен шаруашылықтарын қиратты.

Болат Өтемұратов Қоры Қызыл Айдың қолдауы жағдайында Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуде

25.06.2019 1847

Болат Өтемұратов Қоры Қызыл Аймен бірлесіп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қазақстандықтарға қолдау көрсету бойынша бағдарламаның шеңберінде Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек карталарын беруге кіріседі.

Болат Өтемұратов Қоры Арыста 100 отбасы үшін тұрғын үй құрылысына 760 млн. теңге бөлді (2 млн. Долл.)

11.07.2019 1914

Қордың қаражатына әрқайсысы екі отбасына арналған «дуплекс» типті 50 үй тұрғызылатын болады.

Алматының Бас ботаникалық бағы 4 айға жабылады

20.06.2019 1534

Ботаника және фитоинтродукция институты мен Болат Өтемұратов Қоры Бас ботаникалық бақты 2019 жылғы 1 шілдесінен 1 қарашаға дейін қайта құрудың қарбалас сатысының кезеңіне келушілер үшін жабу туралы шешім қабылдады.

Батырдың бүкіл жеке шығармашылығы бір жинақта шығарылды

28.06.2019 1730

Екі концерт, тоғыз музыкалық диск және бұрын шығарылмаған әндер Батырхан Шөкенов альбомдарының сый-тартулық топтамалық басылымына кірді. 28 маусымда ресми тұсаукесер болып өтті.

KAZDENTEXPO-ЮГ-2019» көрмесінің орталық тақырыбы балалар аутизмі мәселелері болмақ

16.09.2019 1535

Шымкент қаласында 2019 жылғы 17-18 қыркүйекте өтетін «KAZDENTEXPO-ЮГ-2019» көрмесінің орталық тақырыбы балалар аутизмі мәселелері болмақ.

4 ҚАТЫСУШЫ ЖӘНЕ 300,2 МЛН. ТЕҢГЕ – BURABIKE FEST 2019 ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

26.08.2019 1371

24 және 25 тамызда Ақмола облысының Шортанды-Бурабай курорттық аймағында еліміздегі ең ірі қайырымдылық іс-шараы – жетінші Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалі өтті. Биылғы жылы ұйымдастырушылар – Болат Өтемұратов Қоры мен Rixos Borovoe отелі іс-шараның форматын жаңғыртып, оны екі күндікке айналдырды және бағдарламасын кеңейтті. Нәтижесінде, Burabike Fest 2019 қатысушылардың саны бойынша, сондай-ақ қайырымдылық қаражат жинау сомасы бойынша рекордтарын кезекті рет жаңартты.

ПЕТРОПАВЛДА «АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

03.10.2019 1657

2019 жылғы 3 қазанда Петропавл қаласында «Асыл Мирас» аутизм орталығының салтанатты ашылуы өтті. Орталық Солтүстік Қазақстан облысының Білім беру басқармасының, Петропавл қаласының білім беру бөлімінің және Болат Өтемұратов Қорының бірлескен жобасының шеңберінде ашылды.

Батырхан Шөкенов атындағы стипендия иегерлерінің есімдері жарияланды

17.10.2019 1522

Олар - екі жоғары оқу орнының және екі мамандандырылған музыка мектебінің оқушылары.

Болат Өтемұратов Қоры «Баламекен» жобасының шеңберінде Арыстағы 100 отбасына үй сыйлады

13.11.2019 1374

Болат Өтемұратовтың Қайырымдылық Қоры «Баламекен» жобасының шеңберінде Арыстағы 100 отбасына арналған үйлердің құрылысын аяқтады.

BURABIKE FEST 2019 EVENTIADA IPRA GOLDEN WORLD AWARDS СЫЙЛЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

12.11.2019 1192

Болат Өтемұратов Қоры жыл сайын өткізетін Қазақстанның ең ірі қайырымдылық іс-шарасы "Үздік волонтерлік жоба" номинациясында екінші орын алды.

Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы қайырымдылық жобаларына 6 млрд. астам теңге бөлді

10.12.2019 1339

Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы өзінің қызметін кеңейтті. Қайырымдылық жобаларына бөлінген жалпы сома 6 миллиард теңгеден астам құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан алты есе көп. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен Қордың Қамқоршылар Кеңесінің қорытындылары бойынша баспасөз конференциясында жарияланды. Жыл қорытындыларын Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері Алмаз Шарман, Олжас Сүлейменов, Жәния Әубакірова және Қордың директоры Марат Айтмағамбетов шығарды.

БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ ШЕЛЕК АУЫЛЫНДАҒЫ АУРУХАНАҒА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫН СЫЙЛАДЫ

28.01.2020 782

2020 жылғы 20 қаңтарда Болат Өтемұратов Қоры Алматы облысындағы Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппаратын сыйлады. Ол Burabike Fest 2019 VII спорттық-музыкалық фестивальдің қорытындылары бойынша медициналық жабдыққа ие болған алғашқы бенефициар болды.

ЖАҢАҚАЛА АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ 58 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚ АЛДЫ

10.02.2020 530

10 ақпанда Болат Өтемұратов Қоры VII Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалінің бенефициары ретінде таңдалған Жаңақала аудандық ауруханасына (Батыс Қазақстан облысы) 58 миллион теңге жалпы сомаға жаңа медициналық жабдық табыстады.

Сәуірдің 2-сі және 3-і күндері Алматыда «Аутизм. Әлеуеттер әлемі» төртінші халықаралық конференциясы өтеді

24.02.2020 783

Біз қызығушылық танытқандардың бәрін, оның ішінде мамандарды, АСБ бар балалардың ата-аналары мен туыстарын, дәрігерлерді және аутизм мәселесімен айналысып жүрген дәрігерлер мен ұйымдарды қатысуға шақырамыз

Коммерциялық емес ұйымдардың назарына

24.02.2020 803

Болат Өтемұратов Қоры мүдделі коммерциялық емес ұйымдардың арасында халықтың арасында ақпараттық науқандар өткізуге жобалар конкурсын жариялайды.

ЕСІЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ BURABIKE FEST ТАРИХЫНДА ЕҢ ІРІ БЕНЕФИЦИАР БОЛДЫ

18.02.2020 421

Ақмола облысындағы аурухана 73 миллион теңгеге медициналық жабдыққа ие болды

ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУЫР АСФИКСИЯСЫ БАР ШАЛА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІ ҚҰТҚАРУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚ АЛДЫ

04.03.2020 539

Медициналық мекемеде суық су құйылған жылытқы мен мұздың орнына гипотермиямен емдеуге арналған заманауи аппарат қолданылатын болады

Маңызды жаңалық!

16.03.2020 412

16-шы наурыздан 16-шы сәуірге дейін "Асыл Мирас" аутизм орталықтарының жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдадық.

Болат Өтемұратов Қоры коронавирусқа қарсы күреске 200 миллион теңге бөлді

18.03.2020 517

Болат Өтемұратов Қоры Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирусқа қарсы күреске 200 миллион теңге бөлді. Бұл ақшаға Қор организмде COVID19 вирусының орын алуын анықтауға арналған экспресс-тест жиындарын сатып алады және Денсаулық сақтау министрлігімен және басқармаларымен бірлестікте мобильді талдау жүргізу пункттерін ұйымдастырады.

CDCнің аутизм туралы есебі

27.03.2020 358

2020 жылғы 27 наурызда АҚШ Ауруларды бақылау және профилактикасы жөніндегі орталығы (CDC) аутистік спектрдің ауытқуы (АСА) диагностикаланған балалардың таралуы туралы өзінің екі жылдық есебін жариялады. Зерттеудің қамту кезеңі: 2016 жыл.

Болат Өтемұратов Қорының Аутизм туралы хабарландыру күніне қарай жобасы

02.04.2020 401

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні. Бұл Болат Өтемұратов Қоры үшін маңызды күн.

БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ ҚАЗАҚСТАНҒА 94 МЫҢ ЭКСПРЕСС-ТЕСТ ӘКЕЛДІ

06.04.2020 421

Болат Өтемұратов Қоры Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармаларына 47 мыңнан коронавирусқа экспресс-тесттің жиынтығын табыстады. Қайырымдылық ұйымы жобаны іске асыруға 200 миллион теңге бөлді.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда Covid-19 вирусына скрининг өткізіледі

08.04.2020 481

Болат Өтемұратов Қоры коронавирусқа қарсы күреске 200 миллион теңге бөлді және 94 мың экспресс-тест сатып алып, Нұр-Сұлтан мен Алматының денсаулық сақтау басқармаларына халықтың арасында скрининг жүргізу үшін тең бөліп берді.

ОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ АҚШАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

16.04.2020 398

Болат Өтемұратов Қоры Қазақстан Қызыл Ай қоғамымен және ForteBank-пен бірлесіп, табиғи және техногендік алапаттардан зардап шеккен Қазақстанның азаматтарына ақшалай қолдау көрсету бойынша «Көмек картасы» жобасын жалғастыруда.

Алматының Ботаникалық бағын қайта құру аяқталуға жақын қалды

28.04.2020 318

Үш жаңа заманауи кіреберіс павильон, 17,7 га қоғамдық аймақтарды абаттандыру, өсімдіктерді суаруға тәулігіне қосымша 2760 текше метр су, ұзындығы 13 километр арықтар, бірталай километр тамшылы суару және автоматтандырылған суару жүйелері, 1500 төменгі жарықтандыру шамы, 130 бейнебақылау камерасы, 250 сәкі, 50 мың шаршы километр жаңартылған жолдар, 174,3 мың жаңа өсімдік – Алматыдағы Бас ботаникалық бақты қайта құрудың қазіргі нәтижелері осындай.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы ботаникалық бағының қайта құру жобасымен танысты

12.05.2020 182

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарының барысында Бас ботаникалық бақта болып шықты. Мемлекет басшысы ботаникалық бақты қайта құрудың нәтижелерімен танысты. Жобаны 2018 жылы Ботаника және фитоинтродукция институтының сұрауы бойынша Болат Өтемұратов Қоры бастаған болатын.