БАЛАМЕКЕН

БАЛАМЕКЕН

О проекте

Болат Өтемұратов Қоры еліміздің мұқтаж азаматтарын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында "Баламекен" жобасына бастамашы болды. Алғашқы жаңадан қоныстанушылар Қызылорда қаласындағы көп балалы отбасылар болды. Қызылорда облысы әкімдігімен бірлестікте "дуплекс" типті 75 үй, оның ішінде 50 үй Қордың қаражатына тұрғызылды. Дуплекс үйлердің әрқайсысы екі отбасына арналған және әр отбасының өз кіреберісі мен алты сотка жері бар.  
Арыс қаласындағы қайғылы оқиғадан кейін Қор шетте қала алмады. Шілде айында Арыста 50 дуплекс үйге жаңа "Баламекен" ықшамауданының құрылысына қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Кілттерді тапсыру 2019 жылғы 13 қарашада өтті. Тұрғындар таза әрленімдегі жабдықталған асүйлері мен ванна бөлмелері бар енді дайын үйлерге қоныстана алды. Баспана алушылар үйлері жарылыстардың нәтижесінде түгелдей қираған отбасылар, сондай-ақ көп балалы отбасылар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін отбасылар болды.

  • 1,3 млрд теңге

    2019 жылы жобаны дамытуға бөлінді

  • 100 

    "дуплекс" типті үй 2019 жылы тұрғызылды

  • 200 отбасы

    Қызылорда және Арыс қалаларында баспанаға ие болды

  •  

     

     
    /