subth

Аутизм.
Мир один для всех.

Подробнее

Негіздеуші - Болат Өтемұратов

Бір нәрсені құру - адам өмірінде ең маңызды, тіпті, жеміс пен сәттіліктен де маңызды нәрсе. Туған елің мен отандастарың үшін жаңа және жақсы нәрсені құру мүмкіндігін өзгелермен бөлісуің керек деп есептеймін. Шын мәнінде, бұл – үлкен бақыт. Себебі адам өмірінің мәні - бақыт пен балаларда деп білемін.

Болат Жамитұлы Өтемұратов— Қазақстан Теннис федерациясының президенті, бизнесмен, қоғам қайраткері, дипломат. Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің бірі және Forbes Kazakhstan рейтингінің табысты қатысушысы.

1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған, экономист.

90-жылдардың басында Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі мемлекеттік комитет басқармасында, ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі министрлігінде қызмет еткен. 90-жылдардың соңында Қазақстан Республикасының Швейцариядағы Төтенше және өкілетті елшісі, Женева қаласындағы БҰҰ және өзге халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан өкілдіктерінің тұрақты өкілі болды. 1999 ж. ақпан айынан 2003 ж. маусымына дейін ҚР Президентінің сыртқы саясат және сыртқы экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, ал 2003 ж. маусымынан 2006 ж. наурызына дейін ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, 2006 ж. наурызынан 2008 ж. желтоқсанына дейін ҚР Президентінің іс басқарушысы, 2008 ж. желтоқсанынан ҚР Перзидентінің штаттан тыс кеңесшісі, 2010 ж. мамыр айынан Қырғыз Республикасымен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ҚР Президентінің арнайы өкілі қызметтерін атқарды.

2007 жылдың тамызында Болат Өтемұратов ҚР Теннис федерациясының президенті болып сайланды. Қазақстанның Теннис федерациясында «Мектептегі теннис бастамасы» енгізіліп, «Онға дейінгі теннис» бағдарламасы дамуда. Team Kazakhstan атты теннис академиясы құрылды, бұл - теннис бойынша ұлттық құраманың болашақ мүшелері дайындықтан өтетін интернат түріндегі оқу мекемесі. Теннис бойынша ерлер құрамасы Дэвис Кубогының ширек финалына үш рет шықса (2011, 2013, 2014 жж.), әйелдер құрамасы Федерация кубогының Әлемдік тобында ойнайды.

2010 ж. қазан айынан бастап Болат Өтемұратов «Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының президиум мүшесі болып табылады.

Алматы мен Астана қалаларындағы Haileybury жалпы білім беретін мектептерінің негізін қалаушы. «Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» ( бұрынғы Алматы халық шаруашылығы институты) АҚ Қамқоршылар кеңесінің басшысы.