subth

Аутизм.
Мир один для всех.

Подробнее

Қор туралы

Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қайырымдылық қоры 2014 жылдың басында құрылды. Қорды құру идеясы оның құрылтайшысы, бизнесмен әрі қоғам қайраткері, Қазақстан Теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовқа тиесілі.
Еліміздің ең басты құндылығы саналатын балаларға көмек көрсету мен оларды дамыту - Қордың бар күшін жұмылдыратын басты мақсаты. Қоғамды дамытуда бала мүддесі әрдайым бірінші орында тұруы керек деп есептейміз.

Қор  пайда таппайтын коммерциялық емес ұйымдармен, еріктілер тобымен және балаларды дамыту саласында жұмыс істейтін мемлекеттік мекемелермен ынтымақтастық пен серіктестікті көздейді, себебі бірлесе отырып қана айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады. Қор  Қазақстандағы және шет елдердегі түрлі серіктестерімен ынтымақтастық орната отырып, үнемі өсу жолында қоғамдық маңызы бар, тиімді жобаларды дамытады. Қор бар күшін жүйелі өзгерістер енгізіп, оны оң бағыттау және көпшілікке қолжетімді ету мақсаттарына жұмылдырады.

Біз бала мен отбасының өмір сүру сапасына, оның тұлға ретінде қалыптасуына, яғни тұтас еліміздің өркендеуіне ықпал ететін үш басымдықты айқындадық. Олар:

Денсаулық сақтау

Білім

Мәдениет