subth

Аутизм.
Мир один для всех.

Подробнее

Қамқоршылар кеңесі

Қамқоршылар кеңесі – Қордың негізгі стратегиялық міндеттерін анықтап, оның қызметін бақылайтын басқарушы органы. Біз Қамқоршылар Кеңесінің мүшелеріне алғыс білдіреміз. Олар өз саласында жетістікке жеткен, танымал, беделді әрі қоғам өміріне бей-жай қарамайтын жандар.
Болат Жамитұлы Өтемұратов - Қазақстан Теннис федерациясының президенті, бизнесмен, қоғам қайраткері, дипломат. Қордың негізін қалаушы.
Александр Николаевич Винокуров - Қазақстандық кәсіби велошабандоз. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері (1994). Испанияда өткен "Вуэлта - 2006" (Vuelta a España) додасының жеңімпазы әрі топтық жарыс бойынша олимпиада чемпионы. 2000 жылғы Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері, 2004-2006 жылдардағы әлем біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері. 2003 жылғы Тур де Франс жарысының күміс жүлдегері. Льеж Бастонь (2005-2010), Амстель Голд (2003), Париж - Ницца (2002-2003) әлемдік кубоктарының жеңімпазы. Полиция полковнигі. 2013 жылдан бастап “Астана” велотобының бас менеджері.
Арманжан Мерекеұлы Байтасов - Бизнесмен, журналист, «Forbes Kazakhstan» журналының шығарушысы, “31 арна” телеканалынын жане "Медиахолдинг ТАН" компаниялар тобынын негиздеушиси. Филология ғылымдарының кандидаты және Қазақстан журналистері академясының академигі. Байтасов мырза сонымен қатар Халықаралық Бизнес Академиясының қамқоршылар кеңесінің төрағасы және YPO (Young President’s Organization) қазақстандық бөлімшесінің мүшесі болып табылады.
Алмаз Төрегелдіұлы Шарман - Қамқоршылар кеңесінің төрағасы. Қазақстанның алдын алу медицинасы академиясының президенті. Қазақтан шыққан америкалық дәрігер ғалым, биомедицина және медико-демографиялық зерттеу, халықаралық денсаулық сақтау және ауруханалық басқару салалары бойынша маман. Ғалым Джонс Хопкинс университетінде қызмет еткен, ал Қазақстанда Ұлттық медициналық холдингті басқарған, Назарбаев университеті басшыларының бірі ретінде университеттің интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесін құрған.
Олжас Омарұлы Сулейменов - ақын, жазушы-әдебиеттанушы, Қазақ КСР халық жазушысы (1990), Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат. Олжас Сүлейменовтің өлеңдері мен поэмалары ағылшын, француз, неміс, испан, чех, поляк, словак, болгар, мажар, моңғол және түрік тілдеріне аударылған. Ақын Францияда өте танымал, ондағы әдеби басылымдарда оның өлеңдері жиі жарияланып тұрады, мұнымен қоса Францияда оның бірнеше жинағы жарық көрген. Көпшілікке белгілі «Невада - Семей» антиядролық қозғалысының негізін қалаушы.
Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов - Қазақстанның саяси қайраткері, журналист, саясаттанушы. Саяси ғылымдардың докторы, Профессор,Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 9-13 шақырылымдарының депутаты, 2012 жылдан Мәжіліс депутаты, Президенттің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты (2001—2011 жж.), Қазақстан Республикасының Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісі (1995—2001 жж.).

Болат
Жамитұлы Өтемұратов

Александр
Николаевич Винокуров

Арманжан
Мерекеұлы Байтасов

Алмаз
Төрегелдіұлы Шарман

Олжас
Омарұлы Сулейменов

Қуаныш
Сұлтанұлы Сұлтанов