subth

Аутизм.
Мир один для всех.

Подробнее

Миссия және құндылықтар

Қазақстанның бүгін және болашақта адамдардың өмір сүруі үшін ең жақсы жер болуына денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларының дамуына атсалыса отырып, көмектесу.

«Асыл Мирас» қорының қызметі төмендегі бес құндылыққа негізделген:

Сенім

Біз өз жұмысымызбен бенефициарларымыздың, серіктестеріміздің, демеушілеріміздің, сонымен қатар бүкіл Қазақстан тұрғындарының сеніміне лайық болуға тырысамыз.

Жауапкершілік

Біз өзімізге сеніп тапсырылған қаражат пен артылған үміт үшін жауаптымыз.

Нәтижелілік

Біз аса тиімді жолмен үздік нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз.

Қамқорлық

Біздің жобалар көмекке зәру жандарға жәрдемдесуге бағытталған.

Ашықтық

Біздің қызметіміз ашық, жария түрде жүреді: ашық коммуникациялық қызмет жүргіземіз, есептерімізді жүйелі түрде жариялаймыз әрі бенефициарларымыздың, серіктестеріміз бен әріптестеріміздің пікірін тыңдауға дайынбыз. Біз үнемі даму үстіндеміз, сондай-ақ тың тәжірибе мен білім алуда, жаңа мақсат қоюда жариялылықты қалаймыз.