subth

Аутизм.
Мир один для всех.

Подробнее

Қор қызметінің қағидалары

Ашықтық қағидасы
Қор қызметі ашық, жария түрде жүреді: ашық коммуникациялық қызмет жүргізеді, есептерін (қаржылық және бағдарламалық) жүйелі түрде жариялап отырады.
Есеп беру қағидасы
Қызметкерлер құрылтайшысы, Қамқоршылар Кеңесі, демеушілері алдында Қор қызметі туралы үнемі есеп беріп отырады.
Қоғамдық пайдалылық және тиімділік қағидасы
Қор қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, қоғам қолдауына ие болған әрі оң нәтиже бере алатын жобаларды дайындап, жүзеге асырады.
Тәуелсіздік қағидасы
ор мемлекеттік құрылымдармен серіктестік орнатады, алайда олардың қызметін қайталамайды. Сондай-ақ қор мемлекет қаржысын пайдаланбайды.
Тұрақты даму қағидасы
Қор тұрақты түрде екі жыл сайын өз стратегиясын қайта қарап, жаңартып отырады.
Бірізділік және ұзақмерзімділік қағидасы
Қор жүйелі өзгерістерге бағытталған бағдарламаларға басымдық береді.
Оқшаулық қағидасы
Қор кәсіподақтардың, діни ұйымдардың, қоғамдық-саяси қозғалыстардың және саяси партиялардың қызметін қаржыландырмайды.