subth

Аутизм.
Мир один для всех.

Подробнее

Жиі қойылатын сұрақтар

Қор қандай бағдарламаларға қолдау көрсетеді?

Қор денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, білім беру, спорт және т.б. салалардағы бағдарламаларды жүзеге асырады.

Жүзеге асырылатын бағдарламаларды іріктеуге қойылатын талаптар:

1. Миссия жобасының Қор мен оның құрылтайшысының мақсаты мен басымдықтарына сәйкестігі.
2. Мәселенің маңыздылығы мен өзектілігі. Жоба нысаналы топтың нақты қажеттіліктерін ескереді.
3. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде пайданы бенефициарлардың басым бөлігі алады.
4. Жобада көрсетілген мәселенің шешімі тұрақты және ұзақмерзімді сипатқа ие.
5. Жобада көрсетілген мәселені шешу жолдары шынайы және нақты уақыт аралығында қолжетімді.
6. Жобаны жүзеге асыру жоспары нақты көрсетілген және негізделген.
7. Жобаны жүзеге асыру жоспары қаржылық шығын тұрғысынан да, экономикалық тұрғыдан да тиімді.
8. Жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға зиян келтірмейді.
9. Жобада өзге ұйымдардың тәжірибесін пайдалану және олармен бірлесе әрекеттесу қарастырылған. Жоба аймақта әрекет ететін өзге бағдарламалардың қызметін толықтырады (ондай қызметтер болған жағдайда).
10. Жобада ұсынылған мәселені шешу үшін инновациялық қадамдар мен әдістерді пайдалану/енгізу қарастырылған.
11. Жобада жағымды тәжірибені тарату мүмкіндігі қарастырылған.

Маған жеке көмек көрсете аласыздар ма?

Жоқ, қор жеке тұлғаларға қаржылай көмек көрсетпейді.

Қор қызметін кім қаржыландырады?

Қорды құрылтайшы қаржыландырады немесе жеке тұлғалар мен ұйымдардың демеушілік көмегін тарту, сондай-ақ фандрайзинг арқылы қаржыландырылады.