subth

Аутизм.
Мир один для всех.

Подробнее

«Rixos Borovoe» қайырымдылық велошеруі

Жоба туралы

«Rixos Borovoe» қайырымдылық велошеруі Щучинск-Бурабай шипажайы аймағында өтеді. Бұл - Rixos Borovoe қонақүйі мен Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қайырымдылық қорымен бірлескен жобасы. Алғашқы велошеру 2013 жылғы тамыз айында, ал екіншісі 2014 жылғы тамызда өтті.

Шара мақсаты

Шараның мақсаты - ең алдымен Ақмола облысындағы медициналық мекемелерді қажет жабдықтармен жарақтандыру үшін қаржы жинау.

Маршрут қашықтығы: 30 километр.

Жоба жанашырлары: Ақмола облысының әкімдігі, Astana велотобы, Қазақстан Теннис федерациясы, “Верный капитал” компаниялар тобы, Казцинк, Beeline Kazakhstan, Altyntau Resources, Astana Property Management, BI Group, Vinci, Turner, Deloitte компаниялары, Евразия тобы, Темір Банк, Альянс Банк, Kassa Nova, Forte Bank банктері.

Жоба басталғалы бері 98,5 миллион теңге жиналды: 2013 ж. – 11,5 млн. теңге, 2014 ж. – 87 млн. теңге.

2013 жылы Қайырымдылық шерудің әлеуметтік серіктесі ретінде «Аяла» жеке қайырымдылық қоры қолдау көрсетсе (сайтқа сілтеме), 2014 жылы кезек біздің Қорға тиді.

«Rixos Borovoe 2014» қайырымдылық велошеруі»

2014 жылы 23 тамызда Ақмола облысының әкімшілігінің қолдауымен Rixos Borovoe қонақүйі Болат Өтемұратовтың “Асыл Мирас” жеке қайырымдылық қорымен бірлестікте «Rixos Borovoe 2014» екінші қайырымдылық шеруі өткен болатын.

Акцияны қайтадан велоспорт бойынша Олимпияда ойындарының чемпионы Александр Винокуров қолдады. Сондай-ақ, велошеруге 2014 жылғы «Тур де Франс» жеңімпазы Винченцо Нибали, сондай ақ «Astana» велотобының өзге мүшелері қатысты.

Велошеруге 200-ге жуық адам қатысты, оның ішінде ірі қазақстандық және шетелдік компаниялардың топ-менеджерлері мен қызметкерлері, түрлі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері бар.

Қайырымдылық велошеру Ақмола облысының перинаталды орталығының жаңа педиатрия кешенін медициналық жабдықпен жабдықтау үшін, нақтырақ айтсақ, үш ашық реанимациялық жүйені, өкпені жасанды вентиляциялауға қажет екі аппаратты, фитотерапиялық төрт шам, екі автоматикалық мөлшерлеуіш шприцтерді және жыл сайын шамамен 300-ге жуық нәрестені күтіп жасауға, бүкіл Ақмола облысынан кішкентай науқастарды және олардың аналарын қабылдауға мүмкіндік беретін нәрестелер үшін ықшам монитор үшін қажет жабдықтарды сатып алу үшін қажет 12 млн. теңгені жинау үшін ұйымдастырылған болатын.

«Rixos Borovoe-2014» Қайырымдылық велошеруінің қатысушылары мен қонақтарының қолдауы мен алаңдаушылығы арқасында айтарлықтай сома жиналды. Дәлірек айтсақ барлығы 87 млн. теңге жиналды.

Бұл келесі салымдар нәтижесінде мүмкін болды:

  1. Велошеру қатысушылардың жеке салымдары арқасында шамамен 200 қатысушы 1 201 400 теңге бөлді.
  2. Меценат-компаниялардың корпоративтік салымдары арқасында 6 670 250 теңге жиналды. Салымдарды «Верный Капитал» компаниялар тобы, Казцинк, Beeline Kazakhstan, Altyntau Resources, Astana Property Management, BI Group, Vinci, Turner, Deloitte компаниялары, Евразия тобы, Kassa Nova, Forte Bank банктері, Темір Банк, Альянс Банк, Қазақстанның теннис Федерациясы.
  3. Қайырымдылық аукционды өткізу барысында жиналған рекордтық сома арқасында 79 415 000 теңге жиналды. Лоттар олимпияда чемпионы Александр Винокуров, «Тур де Франс 2014» жеңімпазы Винченцо Нибали, сонымен қатар өзге де Astana велотобының белгілі қатысушылары, белгілі қазақстандық теннисистері, Қазақстанның теннис Федерациясы, Rixos Borovoe қонақүйімен, Forte Bank, Kassa Nova банктерімен, Beeline Kazakhstan, Altyntau Resources компанияларымен, Villa Del Fiori және SADU ресторандарының жүйелерімен ұсынылған болатын. Александр Винокуров аукционға 9 млн. теңгеге кеткен «Vino» атты вилосипедін қойды. Алайда ең қымбат лот «Astana» командасының капитаны «Тур де Франс 2014» жеңімпазы Винченцо Нибалидің велосипеді болды. Ол рекордтық сома 51 млн. теңгеге сатылды.

Галерея

Cеріктестер

Rixos Borovoe
Бас серіктесі