Благодарим Вас за подписку на наши новости!

Аутизм.
Мир один для всех.

Подробнее

Қайырымдылық велошеруінен түскен қаржыға инкубаторлар сатып алынды

"Rixos Borovoe» қонақ үйі және Болат Өтемұратовтың «Асыл мирас» жеке қайырымдылық қоры Қызылорда облысының орталық аудандық ауруханаларына өмірлік маңызы зор медициналық жабдықты табыстады, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі. Облыстық перинаталдық орталықта өткізілген баспасөз мәжілісі кезінде құны 48 300 000 теңгеге тең екі Atom Transcapsule V-808 көлік инкубаторы табысталды. Инкубаторлар нәрестелерді, әсіресе шала туылған сәбилерді, облыстық перинаталдық орталыққа тасымалдау кезінде оларды қоршаған ортаның әсерінен қорғап, баланың өмірін аман сақтап, оның ары қарай өсіп-жетілуі үшін қажетті шағын ортаны жасап береді. Осыған орай Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова облыстағы бала туу жағдайына тоқталды. «Өңірдегі бала туу көрсеткіші республикадағы орташа көрсеткіштен қашанда жоғары болған (өңірде 26,06 болса, республика ойынша - 22,72). Дегенмен, нәрестелер арасындағы өлім-жітім деңгейі айтарлықтай жоғары болып қала беруде. 2015 жыл ішінде 198 нәресте шетінеп кетті, олардың 74%-ы - шала туылған сәбилер. 2016 жылдың 7 айы ішінде 79 балаға неонатологтардың шұғыл көмегі қажет болды. Олардың ішіндегі 62 нәресте облыстық перинаталдық орталыққа тасымалданса, 17-сін аудандық ауруханаларда қалдыруға мәжбүр болдық, қалған 10 нәресте шетінеп кетті. Инкубаторларды сатып алу шетінеуі мүмкін нәрестелер санын барынша азайтуға мүмкіндік бермек» - деді облыстың бас дәрігері. Көлік инкубаторлары «Charity Tour de Burabay 2016» қайырымдылық велошеруін өткізу кезінде жиналған қаржыға сатып алынды. Аталған іс-шара аясында барлығы 100 млн. теңге жиналды. Қаржының қалған бөлігі Ақмола облыстық балалар ауруханасын қажетті медициналық жабдықпен қамтамасыз етуге бағытталды. «Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры үшінші жыл қатарынан «Charity Tour de Burabay» велошеруінің әлеуметтік серіктесі болып табылады. Осы бастамамыздың қолдаушылар қатары жыл сайын ұлғайып келе жатқандығы бізді қуантады. Балалар - Қазақстанның болашағы, сондықтан біздің бүкіл қызметіміз балаларды дамытып, оларға көмек көрсетуге бағытталған» - деді «Асыл Мирас» қорының директоры Марат Айтмағамбетов. 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан қайырымдылық велошеру арқасында Қазақстанның медициналық-әлеуметті мекемелері 303 млн. теңге сомасына медициналық, оңалтушы және техникалық қажетті жабдықпен, ойын алаңдарымен және көлікпен жабдықталды.

http://www.zakon.kz/4818646-v-ust-kamenogorske-otkryt-novyjj-centr.html